***
-Мына,менің бояусыз талғамым-ай,
тілек айтып бір шырпы жанғанындай.
Кеше туған ай дидарын көрдің бе сен?
Жүрегіңе іңкәрлік тамғанындай.
Қандай ғажап,
иманың гүл болатын,
болмысыңмен қатайған жүз қанадың.
мына Сенің бойыңда бір мінез бар,
мына Менің кеудемде бүр жаратын..
Қанаттының аспанға ұшқанындай,
пенделердің бір-бірін құшқанындай.
Мына Сенің айнаға ұзақ қарап,
Өз-Өзіңе көзіңді қысқаныңдай,
жоқ әдемі ...
Сен сезімсің,көңілге ып-ыстығым,
шынайысың,және де дұрыс мұның.
Мына Сенің үніңде бір сиқыр бар,
Әлемнің орнататын тыныштығын..
Мен,шынайы тыңдадым,сездім үнін,
солдырмайтын әлемнің өңді гүлін.
Мына Сенің жанарың неткен сұлу?
таңғы шықтың құйғандай мөлдірлігін.
Кеңістік бар кеудеңде пейіш дейтін,
жамандарға сеніңде теріс кейіпің.
Мына Сенің бұрымың жұпар иісті,
бақтар жайнап,ең нәзік жел иіскейтін.
Жоятұғын жүректен қайғы елегін,
Сенің ғана жүзіңнен ай көремін.
Мына Менің кеудемде асыл тас бар,
Сенің ғана кеудеңе сай келетін.
Өзің кеп,көрші жаным...
Шынында сен жоясың қайғы езін,
Періштесің..
Иманға сай күлесің.
Мына әлемде жалғыз-ақ,тыныштық бар,
-Ол Сенің бал мінезің.
Алмат Сатбайұлы